14 мамырдағы сауда-саттықта доллар бағамы күрт өсті

15:51, 14 мамыр 2026

© Фото: freepik

2026 жылғы 14 мамырда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 474,04 теңгені құрап, бірден 6,18 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,46 теңгеге жетіп, 0,06 теңгеге көтерілді.

Ал юаньның орташа сараланған бағамы 69,84 теңге болып, 1,16 теңгеге өсті.

Айырбастау пункттерінде доллар 473–475,5 теңге, еуро 553–559 теңге, ал рубль 6,25–6,39 теңге аралығында саудалануда.

Сонымен қатар, 14 мамырда әлемдік мұнай бағасы да біршама өсті.

ICE Futures электронды сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерстері 0,48 пайызға қымбаттап, бір баррелі 106,14 долларды құрады.

Ал NYMEX алаңында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 0,14 пайызға өсіп, бір баррелі 101,16 долларға жетті.

Еске салайық, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 467,63 теңге, еуроны 547,69 теңге, ал рубльді 6,36 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!