Өзбекстан алғашқы ғарышкерін іздестіріп жатыр
© Сурет: Instagram/uzcosmos.uz
13 мамыр күні "Узбеккосмос" агенттігі елдің алғашқы ғарышкеріне қойылатын талаптарды жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттік директорының орынбасары Мухиддин Иброхимовтің айтуынша, Өзбекстанның алғашқы ұлттық ғарышкерін 2028 жылдың қазанына дейін ғарышқа ұшыру жоспарланып отыр. Үміткерді арнайы үкіметтік комиссия іріктейді.
Ғарышкер болуға ниетті азаматтарға қойылатын негізгі талаптар:
- жасы 27 мен 40 аралығында болуы;
- жоғары білімінің болуы;
- бойы 160-190 см аралығында болуы;
- салмағы 50-95 келі аралығында болуы;
- шет тілдерін білуі.
Қазіргі уақытта агенттік халықаралық серіктестермен ғарыш миссиясын жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Ынтымақтастық АҚШ, Ресей және Қытаймен талқылануда. Мүмкін болатын жобалардың қатарында NASA немесе Роскосмос арқылы Халықаралық ғарыш станциясына ұшу, сондай-ақ Қытайдың орбиталық станциясына бару нұсқалары қарастырылып жатыр.
Баспасөз конференциясына геофизик, Халықаралық ғарыш станциясының бұрынғы командирі және Жерден 560 шақырым биіктікте орналасқан "Хаббл" телескопын өз қолымен жөндеген Эндрю Фойстель де қатысты.
"Алынған нәтижелер елдегі ғылымды, технологияны және экономиканың түрлі салаларын дамытуға пайдаланылмақ", – деді Мухиддин Иброхимов.
Жоспар бойынша ғарыш миссиясы шамамен 14 күнге созылады.
Бұған дейін Байқоңырда түсірілген кадр NASA-ның үздік фотоларының қатарына енгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 15 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды
-
12:06, 15 мамыр 2026
Астанаға Италиядан Леонардо да Винчи жайлы көрме экспонаттары әкелінді
-
11:54, 15 мамыр 2026
Анталья әуежайы жеке трансферлерге арналған тәртіпті өзгертті
-
11:48, 15 мамыр 2026
Юлия Путинцева Париждегі турнирді ерте аяқтады
-
11:35, 15 мамыр 2026
Чехиядағы шіркеуден ортағасырлық әулиенің бас сүйегі ұрланды





