Алматы қалалық ТЖД мегаполис тұрғындары мен демалушыларына үндеу жасады

11:41, 25 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы 25 сәуірде тауда уақыт өткізуді ұнататын жергілікті тұрғындар мен демалушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратты "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуін негізге ала отырып мәлімдеді. Онда 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында, қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты 2700 метр биіктіктен жоғары аумақта "қар көшкіні" қауіпі сақталатындығын айтты.

Осыған байланысты келесілерді ескертті:

  • қарлы тік жартастарға шықпауды;
  • таулы аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды.

Бұған дейін Алматыда күн қайта ысып, ауа температурасы көтерілетіндігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!