Алматы әуежайының негізгі кіреберісі бір аптаға жабылады

19:43, 4 желтоқсан 2025

© Сурет: Zakon.kz

Алматы халықаралық әуежайында 4-11 желтоқсан аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты негізгі кіреберістегі көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2025 жылдың 4-11 желтоқсан аралығында Бейімбет Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жол бөлігінде сыртқы аралды алу және асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты уақытша 1 кіру және 2 шығу жолы жабылады (схемаға назар аударыңыз). Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді.


"Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністік білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз!", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!