Алматы әкімі «Сайран» өзенінің айналасын абаттандыруды жалғастыруды тапсырды

17:32, 25 қыркүйек 2018

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Сайран» өзенінің айналасын аралап көрді және келер жылы да абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, биыл су қоймасының батыс бөлігінің беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 га жер газондалды. Бұлардан өзге, жарық көздері орнатылды, асфальт төселіп, балалар және спорт алаңдары көріктендірілді.

Осыған ұқсас жұмыстар шығыс бөлікте де атқарылды, көше жиһазы қойылып, жаңадан 130 жарық бағаналары орнатылды,воркаут- алаң мен жағалау волейболының алаңы көріктендірілді. Жүгіру мен велосипед тебуге арналған 5 км жол жасалды.

Өз кезегінде мегаполис әкімі келер жылы да өзен маңын абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, ал аудан әкімдіктеріне өзенге жақын аумақтарды көріктендіру, спорт және балалар алаңдарының санын көбейтуді тапсырды.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды.

Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!