Алматы әкімдігі саябақ салу үшін 20-дан астам жер телімін алып қояды

10:08, 16 қыркүйек 2026
MKZ: 1567087

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Алматы әкімдігі 2026 жылғы 14 қыркүйекте "Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждық үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы қаласының Медеу ауданында, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігінде, Назарбаев даңғылының батысында орналасқан 21 жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті жалпыға ортақ пайдаланылатын нысан үшін мемлекеттік мұқтаждыққа алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын", – делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, жер телімдері саябақ салу үшін алынады. Олар Панфилов, 11-ші Кірпіш зауыты, 8-ші Гвардиялық дивизия көшелерінде және Назарбаев даңғылында орналасқан.

Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленді.

Осыған байланысты "Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

  • жер телімдерінің меншік иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз ету;
  • жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждық үшін алып қоюға байланысты оларды немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару іс-шаралары аяқталғаннан кейін жер телімдерін "Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне беру тапсырылды.

Сондай-ақ мына аумақтардағы жер телімдерін алып қоюды көздейтін қаулыларға қол қойылды:

  • Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі аралықта – Құлжа күре жолын қайта жаңарту үшін;
  • Тастақ-2 шағынауданында – жалпыға ортақ пайдаланылатын нысан үшін;
  • Құлжа күре жолының бойында – "Шығыс қақпасы" су құбыры сорғы станциясын салу үшін.

Бұған дейін Алматы әкімдігі қала мұқтажы үшін 40-тан астам жер телімін алып қоятынын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!