Александр Шевченко Мадридтегі турнирдің екінші айналымында Карлос Алькараспен ойнайды

19:58, 24 сәуір 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Мадридтегі турнирдің бірінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Шевченко алғашқы айналымда франциялық теннисші, әлемнің 77-ракеткасы Артур Риндеркнешті 6:4, 5:7, 6:3 есебімен жеңді.

Александр Шевченконың келесі қарсыласы - Карлос Алькарас. Ол әлемнің 3-ракеткасы, дәл осы турнирдің былтырғы чемпионы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!