Алдағы күндері су деңгейінің көтерілуі күтілетін аймақтар анықталды

11:18, 15 сәуір 2024

© Сурет: БҚО әкімдігі баспасөз қызметі

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова 2024 жылғы 15 сәуірде брифинг барысында алдағы күндері қай өңірлерде су деңгейінің көтерілуі күтілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК өкілі атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталатынын хабарлады.

"Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. ҚР бойынша найзағай, тұман, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде дауыл болады",- деді Алина Исмагулова.

Оның айтуынша, төрт облыс бойынша гидрологиялық дауылды ескертулер сақталуда.

"16 - сәуірге дейін Алматы облысында қар көшкіні бойынша ескерту жарияланды. Абай облысы мен ШҚО бойынша дауылды ескерту бар, мұнда еріген су және беткейлік ағындардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Қостанай облысында 17 - сәуірге дейін облыстың солтүстік және солтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Сондай – ақ Жамбыл облысында 16 - сәуірге дейін таулы және тау бөктеріндегі аудандарда көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде"Алина Исмагулова

Бұған дейін су тасқынынан зардап шеккендерге салықтар мен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылатыны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!