Албания TikTok-қа бір жылға тыйым салады
© Фото: unsplash
Албания үкіметі бір жылға TikTok-қа кіруге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұған түрткі болған, елдегі 14 жасар баланың өлімі. Көпшіліктің арасында әлеуметтік желінің балаларға тигізер зияны қызу талқылануда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sky News дерегінше, Премьер-Министр Эди Рама бұл тыйым келесі жылдың басында күшіне енетінін айтты. Сондай-ақ, ол қосымшаны әсіресе жастар арасында зорлық-зомбылық пен қорлауды насихаттайды деп айыптады.
Баланы өткен айда сыныптасы пышақтап өлтірген. Оқиға олардың арасындағы әлеуметтік желілердегі жанжалдан кейін орын алды деп хабарланды.
Қытайлық TikTok компаниясы олардың ешқайсысының платформада парақшалары бар екендігі туралы ешқандай дәлел таппағанын және Албания үкіметінен пышақ шабуылына қатысты "шұғыл анықтықты" талап еткенін айтты.
Бұған дейін Колумбия депутатының Денсаулық сақтау реформасын талқылау кезінде вейп шегіп, көзге түскені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 23 желтоқсан 2024
Құбыр жарылып, Алматы орталығының бір бөлігі жылусыз қалды
-
17:25, 23 желтоқсан 2024
«Казцинк» бәсекелестік туралы заңнама бұзушылықтарын жойды - БҚДА
-
17:17, 23 желтоқсан 2024
Алматыдағы дилерлік орталықтардың біріне 88 млн теңге айыппұл салынды
-
17:00, 23 желтоқсан 2024
Еліміздің қай қаласындағы жастар жиі шаңырақ көтереді
-
16:42, 23 желтоқсан 2024
Абай облысында ҚАЖД мекемесіне есірткі лақтырмақ болған ер адам ұсталды