Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
© Сурет: pexels
20 желтоқсанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен халықаралық іздеу жарияланған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.
"2024 жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады. Ұсталған адам қазіргі уақытта ІІМ ӘТД қызметкерлерімен қамауға алынды", - дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматыда жол үстінде дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:36, 21 желтоқсан 2024
Ұлттық экономика министрі жаңадан тағайындалды
-
12:36, 21 желтоқсан 2024
Вице-премьер Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымын қоса атқаратын болады
-
12:19, 21 желтоқсан 2024
ҚР ҰЭМ қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
-
11:32, 21 желтоқсан 2024
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды
-
11:11, 21 желтоқсан 2024
Риддерде жылу орталығында жарылыс болып, алты адам зардап шекті