ҚР ҰЭМ қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
© Сурет: gov.kz
21 желтоқсанда ҚР Ұлттық экономика министрлігі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс барысында Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды.
ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті директорының орынбасары Әлішер Шаяхметов мәліметінше, соңғы жылдары МЖӘ туралы заңнамаға тәуекелдер мен пайданы мемлекет пен инвестор арасында теңгерімді бөлуге, сондай-ақ жеке әріптесті ашық іріктеуді күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді.
Оның айтуынша, жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу шеңберінде Сенатта "МЖӘ туралы" және "Концессиялар туралы" заңдарды біріктіретін түзетулер қаралуда.
"МЖӘ туралы заң жобасы концессияны қоса алғанда, МЖӘ-нің барлық түрлері үшін бірыңғай және түсінікті тәртіпті белгілейді", - деді Шаяхметов.
ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау нәтижелері туралы баяндады.
2024 жылғы 11 айда кредиттерді субсидиялау арқылы шамамен 840 млрд теңге кредит сомасына 14 мыңнан астам жоба жеңілдетілген қаржыландыру шараларымен қамтылған. 241 млрд теңгеден астам сомаға 7,2 мың жоба бойынша кепілдік берілді.
Қаржысыз қолдау шеңберінде кәсіпкерліктің түрлі мәселелері бойынша 135 мың консультация берілді.
Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының міндетін атқарушы Әйгерім Шорова, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 94 мемлекеттік бақылау саласының 66-сында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің іске қосылғаны туралы хабардар етті. Бұл ақпараттық платформалар арқылы адамдықатыстырмай тексерулер тағайындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ол өзін-өзі басқару институтын дамыту туралы баяндады. 2024 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтің 21 саласында 96 өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨРҰ) жұмыс істейді. Оның 52-сі міндетті, 44-і ерікті негізде жұмыс істейді.
Өзін-өзі реттеуді ынталандыру тетіктерінің бірі – Ерікті мүшеліктегі ӨРҰ жұмысының нәтижелерін тану туралы келісімдер. Олар ұйым мүшелеріне мемлекеттік бақылау кезіндегі тәуекел дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл шаралар бизнестің жағдайын жақсартуға және тұтынушылардың, кәсіпкерлер мен мемлекетмүддесінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті
-
14:33, 21 желтоқсан 2024
Алматыда жол бойында асылулы күйдегі ер адамның денесі табылды
-
14:00, 21 желтоқсан 2024
Бектенов жаңа ұлттық экономика министріне тапсырмалар берді
-
13:19, 21 желтоқсан 2024
Қазақстан шекарасында тіркемесіне ұшақ тиеп алған жүк көлігі ұсталды
-
12:36, 21 желтоқсан 2024
Ұлттық экономика министрі жаңадан тағайындалды