Алаяқтардың қолына түспеуі үшін қазақстандықтардың шоттарындағы 6 млрд теңгеге жуық қаражат бұғатталды

16:15, 21 қазан 2026
MKZ: 1573626

© Фото: pexels

ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов 2026 жылғы 21 қазанда ОКҚ-да өткен брифингте алаяқтар қазақстандықтардан жымқырмақ болған 6 млрд теңгеге жуық қаражаттың бұғатталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер Қазақстанда интернет-алаяқтықтан келген шығын көлемі қалай өзгергенін сұрады. Сондай-ақ тіркелген қылмыстар саны азайғанымен, азаматтардың ақшалай шығыны да төмендеген-төмендемегенін нақтылады.

"Қазіргі уақытта шығын көлемі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда азайып, 42 млрд теңгені құрады. Яғни былтыр жалпы шығын 70 млрд теңгеден асса, қазір 40 млрд теңге болып отыр. Қайтарылған қаражат көлемі де 12%-ға өсті. Былтыр бұл сома 5 млрд теңгеге жетпеген еді. Ал қазір азаматтардың шоттарында бұғатталған қаражат шамамен 6 млрд теңгені құрайды. Яғни бұл ақшаның шоттардан шығарылуына жол берілмеді", – деді Бейбіт Біржанов.

Бұған дейін ІІМ Қазақстанда интернет-алаяқтықтың ең көп тараған үш тәсілін атаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!