Алаяқтар Антикор атынан да қоңырау шала бастапты

16:05, 30 сәуір 2025

© Фото: pexels

2025 жылдың 30 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департамент басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жасалып жатқан алаяқтық әрекеттері туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта өзін Антикор Төрағасы ретінде ұсынып, әртүрлі мәселелерді шешу үшін оның атынан қоңырау шалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті.

Мысалы, әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали ретінде өзін таныстыра отырып, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Жуалы ауданы мектептерінің бірінің директорына жеке мәселелерін заңсыз шешу мақсатында қоңырау шалған жағдай тіркелді.

Қазіргі уақытта ол адам анықталды, оған қатысты заңда көзделген шаралар қабылдануда.

Осыған байланысты, Facebook және Instagram, WhatsApp, Telegram және т.б.) мессенджерлерінде жалған аккаунттар жасайтындығын, сондай-ақ Агенттіктің басшылығы мен лауазымды тұлғалары аттарын жамыла отырып азаматтарды алдау және алаяқтық жолмен пайда табу үшін телефон қоңырауларын жасайтындығын еске саламыз.

Мұндай алаяқтық қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауға шақырамыз.

Осындай қоңыраулар мен хабарламалар алған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!