Алакөлдегі оқыс жағдай: Есінен танып қалған туристке алғашқы көмек көрсеткен кім
© Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
2026 жылғы 13 шілдеде Алакөл жағалауында есінен танып, тыныс алуы қиындаған жас жігітке сол маңдағы ЖҚАЖ аға инспекторы, полиция капитаны Асланбек Абдельдинов дер кезінде көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ес-түссіз жатқан жас жігітті көрген ЖҚАЖ қызметкері абдырап қалмай, дереу реанимациялық шараларға кіріскен. Соның арқасында көп ұзамай жігіт өздігінен тыныс ала бастаған. Бүгінде ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Құзырлы орган өкілдері сын сағаттағы батыл әрекеттің артында жылдар бойғы дайындық тұрғанын да атап өтті.
"2024 жылы Асланбек тактикалық медицина және шұғыл көмек көрсету бойынша Tactical Care and Life Support арнайы 24 сағаттық курсынан өткен. Әр минут маңызды болған сәтте дәл осы білім мен дағдылар қажет болды",- делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Асланбек Абдельдинов небәрі 28 жаста. 2020 жылдан бері полиция қатарында қызмет етеді, бала кезінен спортпен айналысады, кудодан спорт шеберлігіне кандидат және жекпе-жек өнері бойынша кәсіби дайындығы бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:29, 14 шілде 2026
Семейдегі көпірде қауіпті фотосессия жасаған ақтөбелік әйел полицейлердің назарына ілікті
-
12:17, 14 шілде 2026
Алматыдағы Алма-Арасан шатқалы уақытша жабылды
-
12:04, 14 шілде 2026
Ұшу-қону жолағындағы қоянның өлексесіне байланысты үш ұшақ Германия аспанын айнала ұшуға мәжбүр болды
-
11:57, 14 шілде 2026
Қазақстан бюджетінің кірісі шамамен 16%-ға өсті: Үкімет оның себебін түсіндірді
-
11:49, 14 шілде 2026
Қазақстанда кәсіпкерлер саны жарты миллионға жуық адамға артты





