АҚЫЛЫ БӨЛІМДЕ ОҚЫП ЖҮРГЕН 275 АҚМОЛАЛЫҚ СТУДЕНТ ТЕГІН БІЛІМ АЛАТЫН БОЛДЫ

13:19, 14 қаңтар 2019

Оларға облыс әкімінің атаулы шәкіртақысы тағайындалды. Өңірге аса қажет мамандықты игеріп жатқан студенттер, ата-анасынан айырылған және аз қамтылған отбасылардың балалары, ғылым мен спортта жетістікке жеткен белсенді жастар тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Шәкіртақы бір жылға берілді. Гранттар жоғары білім алып жатқандарға ғана қарастырылған. Осы шәкіртақы 2011 жылдан бері беріліп келеді. Бүгінге дейін барлығы мыңнан астам студентке бөлінген, деп хабарлайды zakon.kz, "QAZAQSTAN" арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Дамир Іргебаев, Жастар саясаты бөлімінің басшысы:

- 343 өтінім түсті, солардың ішінен 275 студентке шәкіртақы берілді. Жалпы сомасы 106 миллионды құрады. Стипендияны тағайындау кезінде арнайы комиссия құрылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!