Ақтөбеліктер иесіз жайылып жүрген жылқыны сойып, базарға шығармақ болған

15:45, 24 қараша 2017

Тәртіп сақшылары тоқтатқан көліктен қан іздері байқалған. Тексере келе, жүксалғышқа жылқының еті салынғаны белгілі болады, - деп хабарлайды Аktobenews.kz.

«Кейін анықталғандай, күдіктілер иесіз, жайылымда жүрген жылқыларды қораға айдап әкеліп, бөлшектеп алған екен. Етті «минивен» көлігіне тиеп, Қандыағашқа әкеліп сатпақ болған», — дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы («ұрлық») бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.

Фото: aktobenews.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!