Ақтөбеде жастар арасында жаппай төбелес болып, бір бозбала көз жұмды
© Сурет: freepik
Ақтөбеде жастар арасындағы жаппай төбелестен 18 жастағы бозбала қаза тапты. Тағы сегіз жігіттің аяғына оқ тиіп, ауруханаға түскен. Қазір науқастардың палатасын тәртіп сақшылары күзетіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір мезетте облыстық жедел жәрдем ауруханасына оққа ұшқан тоғыз жігіт жеткізілді. Барлығы аяғынан жараланған. Ал, бір науқасқа оқтан бөлек бірнеше жерінен пышақ сұғылған. Жағдайы тым ауыр болған 18 жастағы жігітті дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмады, деп хабарлайды КТК.
"Бірінші науқасты әкелді, жас баланы. Келген кезде клиникалық өліммен әкелді. Реанимациялық жұмыстар жүргізілді. Бірақ та қайтыс болды. Қалған сегіз адам тұрақты, емделіп жатыр".Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Жасұлан Орымбаев
18-22 жас аралығындағы жастар мал базары маңындағы жанармай бекеті жанында жаппай төбелескен. Артынан қару алып атысуға дейін барыпты. Жаппай төбелес кезінде қаза тапқан студент өндірістік тәжірибеден оралған күні екен.
"Практикада жүрген. Технологияда практикада жүріп, келіп есебін тапсыруға тиіс болатын. Практиканы өзінің тұрған жері Шалқар ауданы, Бозой елдімекені КС стансасында өткізді. Сол екі ортада бүгін түнде осындай жағдайды естіп отырмыз. Ол тек бір отбасының ғана емес, біздің оқу орнының қайғысына айналып отыр". Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің директоры Жеңіскүл Мұхамбетпайызова
Адам өлімімен аяқталған төбелеске қатысты төрт жігіт қамауға алынды. Қазір оларды тәртіп сақшылары тергеп жатыр.
"Полиция осы қылмыс жасады деген күдікпен төрт азаматты ізін суытпай анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов
Аяғынан жараланып ауруханада жатқан сегіз жастың палатасына күзет қойылған. Ал жаппай төбелестің себебі енді анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:29, 25 маусым 2026
Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатындағы екінші жүлдесін жеңіп алды
-
19:18, 25 маусым 2026
Тоқаев Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:00, 25 маусым 2026
Алматыда Қалқаманға дейінгі метро желісінің құрылысы 97 пайызға аяқталды
-
18:47, 25 маусым 2026
Алматыда жол үстіндегі жанжал төбелеске ұласты
-
18:34, 25 маусым 2026
Қазақстандықтар енді жылжымайтын мүлік техпаспортын eGov Mobile арқылы рәсімдей алады





