Ақтөбеде 9 жасар бала екі қолынан айрылып қалды

17:14, 10 қазан 2018

Ақтөбеде тоқтан күйік алған 9 жасар бала екі қолынан айырылып қалды деп жазады sn.kz.

5 қазанда 9 жасар бала Шалқар қаласында мектептің ауласындағы трансформаторға шығып, екі қолынан күйік алған.

Бұл оқиға сабақтан кейін болған. Баланы ары-бері өткендер көріп қалып, бірден жедел жәрдемге хабарласыпты.

Бала ауруханаға жеткізіліп, оған 10 қазанда ота жасалған. Алайда, дәрігерлер оның екі қолын сақтап қала алмады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!