Павлодар облысында тыйым салынған уақытта үйден тыс жүрген 85 жасөспірім анықталды

11:36, 3 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

Облыс аумағында балалардың құқықтарын қорғауға және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 40 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 5 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 85 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, ұсталды.

"Мәселен, Павлодар қаласында сағат 23.30 шамасында қоғамдық орында заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Аталған құқық бұзушылық үшін оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, қаладағы компьютерлік клубтардың бірінде әкімшілік түнгі уақытта кәмелетке толмағанның болуына жол берген. Аталған дерек бойынша ойын-сауық орнында кәмелетке толмағанның болуына жол бергені үшін тиісті шаралар қабылданды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінде.

Полицейлер ата-аналарға балаларының бос уақытын бақылауда ұстау қажеттігін еске салады. Түнгі уақытта олардың көшеде жүруі қауіпсіз емес. Жағымсыз жағдайлардың және айыппұл салудың алдын алу үшін балалардың сағат 22:00-ден кешікпей үйде болуын қамтамасыз ету қажет.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!