Ақтөбеде су астында қалған саяжайлардан 120-ға жуық тұрғын көшірілді

© Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақтөбеде өзендегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты Қарғалы, Мұнайшы және Солнышко бау-бақша ұжымдарының саяжай учаскелерінен адамдар алдын ала қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 116 адам, оның ішінде 44 бала қауіпсіз жерге көшірілген.
Оқиға орнындағы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдардың, құтқару бөлімшелерінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
"Даладағы қар еріп Жаман Қарғалы өзенінің арнасын толтырды және күннің жылы болуына байланысты бүгінде осы өзендегі су деңгейі көтерілді. Қазір біз судың үйге кіруіне жол бермеу үшін барлық қажетті шұғыл шараларды жүргізіп жатырмыз". Ақтөбе әкімі Мұрат Жөребеков
Полиция органдары қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырды. Ұлттық ұланның күшімен үй маңындағы аумақтарға инетті материал салынған 300 қап төселді.

Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақтөбе әкімдігі 3 уақытша эвакуация пунктін ашты, онда 87 адам бар, ал 29 адам туыстарының үйіне кеткен.

Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Еске салайық, 2023 жылғы 30 наурызда Қарғалы өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Қарғалы, Нефтяник, Солнышко бау-бақша ұжымдарындағы саяжай учаскелері су астында қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:21, 6 маусым 2023
Шымкентте трансформатор мен шағын дүкен өртенді
-
21:35, 6 маусым 2023
Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков қызметінен босатылды
-
21:19, 6 маусым 2023
Елордадағы су тапшылығы мәселесіне қатысты қала әкімі мәлімдеме жасады
-
20:55, 6 маусым 2023
Астанада зейнеткер әйелді алаяқ 16 млн теңгеге алдап соқты
-
20:32, 6 маусым 2023
Танымал ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды