Ақтөбеде 30 минутта ашықтан ашық үш ұрлық жасаған ұры ұсталды

12:51, 13 тамыз 2020

Полиция қызметкерлері жарты сағаттың ішінде 3 жерді тонаған 24 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

6 тамызда, түстен кейін, 24 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны Әйтеке би көшесіндегі №22 үйдің жанында тұрған әйелдің көзінше оның темекісін ұрлаған. Содан кейін Әйтеке би көшесіндегі дүкеннің жанынан өтіп бара жатып, біреудің iPhone 8 смартфонын күштеп тартып алған. Келтірілген зала көлемі - 200 мың теңгеден асады. Содан соң ер адам зейнеткер әйелдің құлағынан алтын сырғасын шешіп алмақ болған. Бірақ оның бұл әрекеті сәтсіз шыққан. 15 минуттан кейін ол Әйтеке би көшесіндегі "Берлога" кафесіндегі кассаға бас салып, ондағы ақшаны ашық түрде ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі - 13 мың теңгені құрады, деп хабарлайды полициядағылар. Күдіктіні полиция ізін суытпай ұстаған.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!