Ақтөбеде ер адам су қосылған спиртті қымбат арақ деп сатқан
© Фото: pexels
Ақтөбеде жалған алкоголь саудасының жолы кесілді. Жеке компанияда жүргізуші болып жұмыс істейтін 46 жастағы ер адам бірнеше ай бойы таза спирт сатып алып, оған су қосқан. Кейін қоспаны бөтелкелерге құйып, белгілі арақ маркаларының заттаңбасын жапсырып сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Диапазон" газетінің 2026 жылғы 18 қарашада жазуынша, ер адам өнімді зауыттан шыққандай етіп көрсету үшін бейтаныс сатушыдан жалған заттаңбалар мен есепке алу-бақылау маркаларын сатып алған.
Ол 2026 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін жалған арақ сатқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сатып алушы ретінде одан жалған арақ сатып алғаннан кейін ер адамды ұстаған.
"Ақтөбе тұрғыны мемлекетке келтірген 148 мың теңге залалды өтеп, ісіне өкінген. Ол бұрын қылмыстық жауапқа тартылмаған. Осы мән-жайлар ескеріліп, ер адам қылмыстық жауаптылықтан босатылды", – деп жазды басылым.
Сот шешімімен тәркіленген спирт пен жалған арақ құйылған бөтелкелер жойылады.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева жүргізушінің ағзасындағы алкогольдің қандай мөлшерін оның ішімдік ішкенін растайтын көрсеткіш деп тану ұсынылып отырғанын түсіндірген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:08, 19 қараша 2026
Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда неше күн демалады
-
09:55, 19 қараша 2026
Қазақстандық танымал футболшы, төреші әрі жаттықтырушы Николай Дрютов қайтыс болды
-
09:42, 19 қараша 2026
Ер адам мәйітханада «тіріліп», темекі сұрады: оқиға видеоға түсіп қалды
-
09:39, 19 қараша 2026
Қашқын қылмыскер полицейлерден көмек сұрап, өзі түрмеге түсті
-
09:28, 19 қараша 2026
Қостанай тұрғыны алаяқтарға кеткен 700 мың теңгесін сот арқылы қайтарды





