Ақтөбеде ақылды камералар заңсыз қоқыс тастағандарды анықтап жатыр

12:58, 4 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Ақтөбеде ірі көлемді қоқысты белгіленбеген орындарға тастауды анықтауға бағытталған ақылды бейнебақылау жүйесі жұмыс істеп тұр.

Қала бойынша осы санаттағы құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған жасанды интеллект негізіндегі 20-ға жуық камера орнатылған. Олар тәулік бойы мониторинг жүргізіп, рұқсат етілмеген орындарға құрылыс қалдықтары мен өзге де ірі көлемді қоқыстарды шығару деректерін автоматты түрде тіркейді.

Жыл басынан бері осы жүйенің көмегімен 70-ке жуық құқық бұзушылық анықталды. Аталған фактілер бойынша абаттандыру қағидаларын бұзу және елдімекендер аумағын ластау деректері бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Ақтөбе облысы ПД Жедел басқару орталығының бастығы Жанболат Ахмет айтуынша, интеллектуалды камералар құқық бұзушылықтарды жедел анықтап қана қоймай, олардың алдын алуға да ықпал етіп отыр.

"Бейнебақылау жүйесі арқылы құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап ақпарат жедел өңделеді. Камералар нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Соның нәтижесінде құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, дер кезінде заң аясында шара қабылдауға мүмкіндік бар. Бұл тетік қала тазалығын сақтауға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға көмектеседі", — деді ол.

Полиция департаменті тұрғындарды тұрмыстықжәне ірі көлемді қалдықтарды тек арнайы белгіленгенорындарға шығаруға шақырады. Қала тазалығы — әрбіртұрғынның ортақ жауапкершілігі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!