Бангкок–Алматы рейсімен 11 келі гашиш майын алып өтпек болған күдікті ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Алматы халықаралық әуежайында ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолы кесілді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, арнайы тексеру шаралары барысында Бангкоктан келген рейстен 11 келіге жуық гашиш майы тәркіленді.
ІІМ "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін трансұлттық қылмыстық топтардың есірткі тасымалы үшін пайдалануына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Жедел іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Алматы халықаралық әуежайында Бангкок–Алматы рейсімен келген 20 жастағы шетел азаматын ұстады. Жеке тексеру барысында одан жалпы салмағы шамамен 11 келі болатын гашиш майы құйылған 12 пластикалық ыдыс тәркіленген.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, жыл басынан бері елімізде есірткі контрабандасының 57 дерегі анықталған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеумен бірге 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Құзырлы органдар есірткі трафигінің жолын кесу және трансұлттық қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 4 мамыр 2026
Алматыда заңсыз сыра өндіретін жасырын цех жойылды
-
11:43, 4 мамыр 2026
Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы +36°C-қа дейін ысиды
-
11:28, 4 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 4 мамыр
-
11:11, 4 мамыр 2026
ДСМ дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың шекті бағаларын нақтылауға қатысты түзетулер әзірледі
-
10:59, 4 мамыр 2026
Түркістан облысында абаттандыру ережелерін бұзған тұрғындар анықталды





