Ақтөбе облысында үйіріле көшкен киіктер бір-бірін таптап тастаған
© Фото: wikimedia/Yakov Fedorov
Ақтөбе облысында киік қырылып жатыр. Дала жануарлары қыстаққа үйірімен жосып көшкенде бірін-бірі таптап тастаған дейді мамандар. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
KTK ақпаратына сүйенсек, су жағасында жайрап жатқан өлекселерді тұрғындар Әйтеке би ауданына қарасты Қияқты өзенінің бойынан түсіріп алыпты. Ақбөкендер Қарағанды мен Қызылорда облыстарына қарай бет алған. Бір мезетте он мың киік өзенге жеткенде, арғы беттегі жар қабатқа шыға алмай, жүзден аса жануар жаншылып өлген. Мамандар өлекселерді судан шығарып, залалсыздандырдық деп отыр. Қырылған киіктердің алпысы аталық, елу шақтысы аналық екен. Сынама алынып, зертханаға да тексеруге жіберілген.
Айта кетсек, Ақтөбе облысында қазір 300 мыңнан аса ақбөкен бар.
"Қара суда, үлкен терең жерде су қалады, содан су ішуге келген. Екінші жақ басы қамыс, үлкен жар, содан өте алмай қалған. Енді 10 мың бас киікті елестетіп көріңіз, бірін-бірі таптап тастайды. Негізгі тұжырым, болжамымыз осындай".Әділкерей Әуелбаев, Ақтөбе облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумағы инспекциясының басшысы
Бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, бірнеше адам зардап шеккендігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:57, 12 сәуір 2026
Қазақстандық гимнастар Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды
-
10:07, 12 сәуір 2026
Қазақстандағы ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды
-
09:42, 12 сәуір 2026
Путинцева Қазақстанға Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алып берді
-
17:49, 11 сәуір 2026
Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерімен қоштасты
-
17:27, 11 сәуір 2026
Қазақстанда 12 сәуірде жаңбыр мен найзағай күтіледі





