Ақтөбе облысында Sincere Systems қаржы пирамидасының мүшелері әшкере болды

12:06, 1 тамыз 2023

© Сурет: freepik

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Sincere Systems (S-Group) қаржы пирамидасын құру және басқару ісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің 1 тамыз күнгі мәліметінше, халықты табыс табу үшін компанияға тіркелуге шақырған екі азаматқа қатысты Sincere Systems (S-Group) қаржы пирамидасын құру және басқару ісі тергеу басталды.

"Ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кеңсе техникасы (ноутбуктар, ұялы телефондар, процессорлар), компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, келісім-шарттар, жарнамалық құралдар, презентациялар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!