Ақтөбе облысында көлік пен гараж өртенді: құтқарушылар қауіпті жүкті алып шығып үлгерді

09:55, 24 қараша 2026
MKZ: 1579357

© Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында жеңіл автокөлік пен гараж өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт Тәуелсіздік көшесіндегі гараж кооперативінің аумағында болған. Өртті сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері гараж ішінен әрқайсысының көлемі 70 литр болатын екі оттегі баллонын алып шықты. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қауіптің алдын алуға мүмкіндік туды.

Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Алматы – Өскемен тасжолында жүк көлігінің өртенгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!