Ақтөбе маңында жаяу жүргіншіні қағып, мерт еткен жүргізушіге іздеу жарияланды
© Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының полиция департаменті Ақтөбе қаласында 2024 жылы 23 қазанда сағат 06.20 шамасында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде куәгерлерді іздейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "CHEVROLET COBALT" автокөлігінің жүргізушісі Құршасай ауылынан Ақтөбе қаласына қарай келе жатып, Жаңақоныс-3 тұрғын алабы ауданында жаяу жүргіншіге қаққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.
"Осы жол-көлік оқиғасының куәгерлерінен 936-404, 936-408, 8-771-292-81-52 телефондарына хабарласуды немесе Ақтөбе қаласы Жұбановтар көшесі, 271 мекенжайы бойынша орналасқан Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасының №404, 408 кабинеттеріне келуді сұраймыз", делінген хабарламада.
Бұған дейін Маңғыстауда көлігімен жарық бағанын соғып, оқиға орнынан қашқан ер адам 30 тәулікке қамалғанын хабарлаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 4 қараша 2024
СҚО прокуратурасы жастар арасында суицидті уағыздайтын Telegram-дағы ойындарды бұғаттады
-
22:43, 4 қараша 2024
Францияның мәдениет министрі: Тоқаевтың сапары мәдениетке қатысты мәселелерді қамтитынына қуаныштымын
-
22:18, 4 қараша 2024
Павлодарда сотта мүгедек жан өзін зорлаған адамға кешірім берген
-
22:01, 4 қараша 2024
Қытай даму институтымен Alatau арнайы экономикалық аймағы бойынша ынтымақтастық орнатылады
-
21:33, 4 қараша 2024
Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен келіп жетті