«ҚТЖ» басқарма төрағасының ұсталуына қатысты тағы мәлімдеме жасады
© Сурет: t.me/railways_kz
"Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Елжас Отыншиев пен "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың ұсталуынан кейін құқық қорғау органдарына жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы мен "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасын ұстау туралы 2026 жылғы 12 қарашада жарияланған хабарламаны сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде назарға алғанын ресми түрде мәлімдеді:
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде қажетті өзара іс-қимылды және сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсынуды қамтамасыз ете отырып, құқық қорғау органдарына жан-жақты жәрдем көрсетеді. Осы хабарламаны дайындау кезінде компания жария түрде айтылғаннан басқа, осы мәселе бойынша ақпаратқа ие емес. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілуге жатпайды. Осыған байланысты біз осы кезеңде қосымша түсініктемелер бере алмаймыз".
Сондай-ақ ҚТЖ өзіндегі компаниялар тобы қызметін штаттық режимде жүзеге асыруды жалғастырып жатқанын және инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары мен іскерлік әріптестер алдындағы барлық міндеттемелердің өз күшін сақтап қалатынын, сондай-ақ қолданыстағы келісімдердің талаптарына сәйкес орындалатынын растады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, ҚТЖ-ны сынға алған болатын. Елжас Отыншиев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне бірнеше ай бұрын, 2026 жылғы 20 шілдеде тағайындалған. Ал 2023 жылғы сәуірден бастап ҚТЖ-дағы лауазымына дейін "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда ол қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 14 қараша 2026
Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті
-
17:23, 14 қараша 2026
«Қар жауып, көктайғақ болады». Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:43, 14 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді
-
16:24, 14 қараша 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
15:43, 14 қараша 2026
Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды





