Ақтаудағы жағалауда итбалықтардың өлекселері «шашылып» жатыр - демалушылар дабыл қағуда

13:39, 22 сәуір 2025

© Сурет: unsplash

Демалушылар Ақтау маңындағы 43-ші шақырым ауданында оннан астам итбалық өлекселерінің табылғанын мәлімдеді. Құзыретті органдар сүтқоректілердің өлекселері неліктен әлі күнге жойылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz жазуынша, демалушылар бұл аймақта кемінде 15 теңіз итбалығының өлексесі жатқанын айтқан.

Маңғыстау облысы бойынша Балық инспекциясы басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл итбалықтар жағада былтыр күзден бері жатуы мүмкін.

"Сол кезде билік пен экологтар сүтқоректілердің жаппай қырылуын тіркеген болатын. Жағаның бір бөлігі тазартылды, бірақ техника жете алмайтын қиын жерлерде өлекселер ашық аспан астында қалып қойған. Бүгінде олардың үстін құм басып қалғандығы бейнежазбалардан көрініп тұр", – деді мамандар.

Айта кетейік, Каспий итбалығы Қазақстанда және басқа Каспий маңы елдерінде – Ресейде, Түрікменстанда және Әзірбайжанда Қызыл кітапқа енгізілген.

Бұған дейін Қытайда әлемдегі ең ірі амфибиялық ұшақ пайдалануға берілгендігі жайлы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!