Ақтаудағы ұшақ апаты: қылмыстық іс қозғалды

13:30, 25 желтоқсан 2024

© Фото: polisia.kz

Полицейлер Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 25 желтоқсанда көліктегі ПД хабарлады.

"Қазіргі уақытта Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", — делінген хабарламада.

2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау әуежайының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Оқиға алдында ұшақ құстармен соқтығысқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!