Ақтаудағы бірнеше аудан жылусыз қалды: әкім тұрғындардан кешірім сұрады

14:00, 10 желтоқсан 2023

© Сурет: Zakon.kz

Ақтауда магистралдық құбырдағы ақауды мамандар жөндеп жатыр, бірнеше шағын ауданда жылу беруге уақытша шектеу енгізілді, әкім тұрғындардан сабырлық танытып күтуді өтінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Каспий жылу, су арнасы" МКК хабарлағандай, бірнеше шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральдық жылу құбырында апаттық жағдай тіркеліп, жылу беру уақытша шектелген.

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі апат болған жерге барып, жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.

"Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистралдық 800-дік құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда". Ұлықбек Тінәлиев

Қала әкімі видеода ақау кеткен жерді көрсетіп, уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады. Коммуналдық мамандар ақауды кешке дейін жөндеп, қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!