Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 29 қаңтарда Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, президентке сот төрелігін іске асырудың былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.
Асламбек Мерғалиев сот төрелігінің сапасы тұрақты түрде сақталғанын айтты. Бұл ретте, жоғары тұрған сот сатылары сот актілерінің 98,8 пайызын түзетпеген.
"Әкімшілік әділет аясындағы жүйелі шаралардың нәтижесінде мемлекеттік органдармен арадағы даулар кезінде азаматтардың құқығын қорғау көрсеткіштері жақсарды: әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың 4,5 мың актісі заңсыз деп танылды. Татуластыру рәсімдерін қолдану үлесі азаматтық істерде – 45,9 пайызды, әкімшілік істерде 11,8 пайызды құрады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс саны 11,8 пайызға азайды (500 мыңнан 441 мыңға дейін төмендеді)". Ақорда
Белгілі болғандай, рақымшылық актісін жариялау арқылы 583 адам жазадан, 5 мыңнан аса сотталушы жазасын одан әрі өтеуден босатылды, 9,2 мың адамның жаза мерзімі қысқартылды.
"Қамауда ұстауға рұқсат беруден бас тарту үлесі 25,7 пайыздан 37,5 пайызға дейін артты. Оның орнына үй қамағына алу екі есе жиі тағайындалды (2786-дан 5019-ға дейін ұлғайды). Бұған электронды браслетті кеңінен қолдану ықпал етті (954 адамнан 2283 адамға дейін). Бұл бюджет шығындарын оңтайландыруға және тергеудегі азаматтардың қоғаммен қарым-қатынасын сақтауға мүмкіндік береді",- делінген Ақорда мәліметінде.
Ақпарға сүйенсек, кассациялық сотқа сұраныстың жоғары екені байқалды. Жарты жыл ішінде Кассациялық сотқа 16,2 мыңнан аса арыз-шағым мен наразылық түскен. Былтырғы осы кезеңде Жоғарғы сотқа 9,8 мың арыз-шағым жасалған болатын.
"Кассация арқылы түзетілген сот актілерінің үлесі азаматтық істерде – 3 пайыздан 18 пайызға, қылмыстық істерде 8 пайыздан 28 пайызға дейін ұлғайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 3 жылда, яғни 2023 жылдан бері 55,2 пайыздан 63,2 пайызға дейін өскені жөнінде ақпарат берді". Ақорда
Өз кезегінде, президент "Заң және тәртіп" қағидатын жүзеге асырудың, азаматтарға әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ заң үстемдігіне басымдық беріп, қоғамның сот жүйесіне сенімін арттырудың маңызын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:57, 29 қаңтар 2026
Жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектерді келісім-шарт бойынша әскерге шақыру жоспарлануда
-
13:49, 29 қаңтар 2026
Қазақстан әскерінде жасанды интеллекті бар камералар орнатылуда
-
13:36, 29 қаңтар 2026
Семейде колония аумағына есірткі лақтырмақ болған азамат сотталды
-
13:28, 29 қаңтар 2026
Қазақстанда жекеменшік күзет ұйымдарына бақылау күшейтіледі
-
13:18, 29 қаңтар 2026
Қазақстан мен ОПЕК қаржы саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде





