Әуе шарының кесірінен Ташкенттің бірқатар ауданы жарықсыз қалды
© Сурет: pixabay
Өзбекстан астанасы Ташкентте электр қуаты жаппай өшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2026 жылғы 19 қазанда кешке болған. Елдің Энергетика министрлігінің мәліметінше, сағат 19:05-те Қыбырай ауданындағы "Aksa Tashkent" жылу электр станциясында трансформатордың қорғаныс жүйесі іске қосылған. Соның салдарынан станциядағы электр энергиясын өндіру қуаты 460 МВт-тан 185 МВт-қа дейін төмендеген.
"Осыған байланысты Юнусабад, Алмазар, Мирзо-Ұлықбек және Шайхантахур аудандарының кейбір бөліктерінде электрмен жабдықтау уақытша үзілді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында сағат 19:09-ға қарай Юнусабад пен Алмазар аудандарында электрмен жабдықтау ішінара қалпына келтірілді. Сағат 19:25-ке қарай резервтік көздерді пайдалану арқылы электр қуаты толық берілді", – делінген хабарламада.
Кейін министрлік электр қуатының өшуіне станцияның ашық тарату құрылғысы аумағына ұшып кірген әуе шары себеп болғанын хабарлады. Соның салдарынан қорғаныс жүйесі іске қосылып, электр қуатын беру тоқтаған.
Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
2026 жылғы 25 қыркүйекте Алматы мен Алматы облысында да электр қуаты жаппай өшкен еді. KEGOC компаниясы бұған Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі технологиялық бұзылыс себеп болғанын хабарлады. Өзбекстанның энергия жүйесінде 1 516 МВт өндіруші қуат ажыратылғаннан кейін Орталық Азия энергия жүйесі тарапынан қуат ағыны күрт артқан. Бұл "Солтүстік – Оңтүстік" электр транзитінің бөлінуіне әкелген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:29, 20 қазан 2026
Қазақстанның бес облысында -3 градусқа дейін аяз болады
-
17:22, 20 қазан 2026
21 қазаннан бастап жол апатынан зардап шеккендерге сақтандыру төлемі тек қолма-қол ақшасыз жасалады
-
17:15, 20 қазан 2026
Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Кукушкинмен кездеседі
-
17:01, 20 қазан 2026
Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, құрлықтық доданың чемпионы атанды
-
16:56, 20 қазан 2026
Пәтердегі жылу мәселесін кім шешуге тиіс: алматылықтарға түсініктеме берілді





