Үсік, қар және бұрқасын: 20 қазанға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: ЖИ көмегімен жасалды
"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы 20 қазанда Қазақстанда қандай ауа райы болатынын мәлімдеді. Бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, ал түнде 7 градусқа дейін үсік күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың болжамынша, түнде Жетісу облысында, Жамбыл облысының батысы мен шығысында 2–7 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
"Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Қазақстанның қалған аумағында ауқымды антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Бірқатар өңірде өрт қаупі де сақталады.
Өрт қаупі жоғары болатын өңірлер:
- - Атырау облысы;
- - Маңғыстау облысының орталық бөлігі;
- - Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысы;
- - Ақтөбе облысының шығысы;
- - Қызылорда облысының солтүстігі;
- - Қостанай облысының оңтүстігі;
- - Түркістан облысының батысы мен солтүстігі.
Төтенше өрт қаупі күтілетін өңірлер:
- - Қызылорда облысы;
- - Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығы;
- - Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы;
- - Қарағанды облысының батысы;
- - Ұлытау облысының батысы мен орталығы;
- - Жетісу облысының шығысы.
Бұған дейін "Қазгидромет" жылдың суық кезеңіне арналған консультативтік маусымдық болжамын жариялаған еді. Оған сәйкес, 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы наурызға дейін Қазақстанда ауа температурасы +25 градустан −18 градусқа дейін құбылып, жаңбыр, қар және жылбысқы қар жаууы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 19 қазан 2026
Қазақстанда -7 градусқа дейін аяз болып, қар жауып, боран соғады
-
17:27, 19 қазан 2026
«Әділет» партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына кандидатура ұсынды
-
17:16, 19 қазан 2026
Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға 100-ден астам рет күш көрсетілген
-
17:10, 19 қазан 2026
Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының жеңімпазы атанды
-
17:01, 19 қазан 2026
Тоқаев әскери бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын тапсырды





