Ақтауда Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
© Фото: zakon.kz
Ақтауда ұландық сарбаз жол-көлік апатынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесті
Оқиға 31 қазан күні сағат 14:40 шамасында Ақтау қаласындағы шағын аудандардың бірінде болған. Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Қайрат Шырақбаев жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккендерге көмек көрсетті.
Ол уақыт жоғалтпастан, бірден көмекке асықты. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріе шақырды.
"Жағдайды бағалай отырып, мен зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жедел жәрдем келгенге дейін азаматша өз-өзіне келді", – дейді ұландық сержант.
Осылайша, ұландық жауынгердің жедел және кәсіби іс-қимылдарының арқасында апаттың ауыр зардабына жол берілмей, зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметкерлеріне дер кезінде тапсырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 2 қаңтар 2025
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды
-
17:55, 2 қаңтар 2025
Алматыдағы «Москва» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты
-
17:46, 2 қаңтар 2025
Алматы облысы мен Жетісу облысында жер сілкінді
-
17:26, 2 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Черногория Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
17:13, 2 қаңтар 2025
Қарағандылық құтқарушылар шетелдік әйелге көмек қолын созды