Ақтау тұрғыны синтетикалық есірткі сатқаны үшін ұсталды

10:31, 17 қазан 2024

© Фото: polisia.kz

Ақтауда полицейлер есірткі дилерін құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған.

Қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын "мефедрон" синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Сондай-ақ тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!