Ақсудағы субұрқақта 4 жасар қызды тоқ соқты: куәгерлер оқиға туралы айтты
© Фото: zakon.kz
Павлодар облысы Ақсу қаласында субұрқақта тоқ соққан қыздың беті бері қарады. Дәрігерлер төрт жастағы баланың өміріне еш қауіп жоқ дейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бірден жансақтау бөлімшесіне жатқызылған қыз балаға түрлі терапиялық ем шаралар жасалды. Жүрегі тексерілді. Денсаулығынан ешқандай патология табылған жоқ. Содан кейін педиатрия бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы бір қалыпты, денсаулығы жақсарып қалды десе болады. Ешқандай ауырсыну жоқ. Денесінде күйік ізі жоқ".Ақсу ауруханасының бөлім меңгерушісі Айдана Төлеутай
Оқыс жағдай Павлодар облысында болды. Ақсу қаласының орталығындағы субұрқаққа шомылған төрт жасар қызды тоқ соққан. Ересектердің рұқсатынсыз өз бетімен демалыс саябағына келген үш балақай аптап ыстықта салқындап алмақ болған. Сол кезде олардың арасындағы ең кішісін тоқ ұрған. Шенеуніктер барлық электр жүйесі қосылған генератор субұрқақтан жеті метр жерде тұрғанын айтады. Ал оған қалай су тигенін тергеу анықтайды дейді.
"Ересек балалар субұрқақтан айғайлап секіріпсекіріп шығып кетті. Суда кішкентай үш қыз қалып қойды.Ең кішісі тқұбырдың үстінде ес-түзсіз жатты. Мен қолымды созып едім, мені де тоқ соқты. Әйтеуір алып шықтық. Жедел жәрдем шақырдық".Оқиға куәгері Александра Морозова
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:26, 12 қыркүйек 2024
Павлодар облысында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары бұзылған
-
21:15, 12 қыркүйек 2024
Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалық кеңсе құрылады
-
21:06, 12 қыркүйек 2024
Ерлан Қарин Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді
-
20:53, 12 қыркүйек 2024
Көшпенділер «тумысынан қайсар». Тоқаевтың сөзіне егжей-тегжейлі сипаттама берілді
-
20:26, 12 қыркүйек 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Бесінші күннің қорытындысы бойынша да Қазақстан алда келеді