Ақша алу үшін дәрігерлер Damumed-ке» 13 500 жалған науқас тіркеген
Damumed қосымшасы айналасындағы дау әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, жүйеге жалған науқастардың көптеп тіркелуі, дәрігердің қабылдауында болмаған адамдардың жүйедегі деректерге сай, дәрігер қабылдауында болды деп көрсетілуі қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды zakon.kz.
Осы тақырып төңірегінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында деректермен бөлісті.
"Осы 2020 жылдың 6 айында 13500 мың факт анықталды.Әлеуметтік желіде көтерген мәселенің арқасында ғана емес, ДСМ және медициналық сақтандыру қорының арнайы мониторинг жасайтын жүйесі бар. Өтірік науқастар қайдан шығады? Дәрігерлер қордан артық ақша алғысы келеді. Содан әңгіме шығып отыр. Біз оның бәрін анықтап, оның жол бермеуіне неше түрлі іс-қимылдарды істеп жатырмыз. Емхананың мамандары жалған ақпарат жіберетін болса, соның бағасынан үш есе артық айыппұл төлеу керек жаңағы емхана. Жалпы 13500 факт болған, 75 млн теңге айыппұл төленді!" - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





