АҚШ-тың авиациялық билігі Вашингтон аспанында қандай ұшақ жарылғанын айтты
© Сурет: Cessna
АҚШ федералдық авиация басқармасы (FAA) Вашингтонда жарылыс дыбысы естілгені жөніндегі ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жексенбі күні АҚШ билігі Америка астанасының төбесінде байқалып, кейін апатқа ұшыраған Cessna Citation жеке ұшағын бақылау үшін жойғыш ұшақтарын шығарды, деп жазды Daily Star.
FAA әкімшілігінің өкілдері жойғыш ұшақтарды ұшырғанда дыбыстық соққы туып, ол Вашингтон мен жақын маңдағы аудандарға тарағанын, бірақ оның ұшақ апатына еш қатысы болмағанын түсіндірді. Cessna Citation автопилотта ұшып келе жатқан және биліктің онымен байланыс орнату әрекеттеріне жауап қатпаған.
Бұл жағдай тергеледі деп жоспарланып отыр. Алайда ресми өкілдер бұл екі оқиғаның арасындағы өзара байланысты әлі түсіндіріп берген жоқ.
Кеше Америка астанасының тұрғындары күндіз үлкен аумақта тарсыл естілгенін хабарлады. Өрт сөндіру және ішкі қауіпсіздік қызметкерлері Вашингтонда қандай да бір оқиғаболғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.
Жарылған ұшақ Теннесси штатының Элизабеттон қаласындағы муниципалды әуежайдан Нью-Йорктегі Лонг-Айленд МакАртур әуежайына қарай ұшып бара жатқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





