Шетелде тұратын қазақстандықтар атом электр станцияларына қатысты референдумға қатыса ала ма

12:24, 4 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан азаматтары шетелде атом электр станцияларын салу бойынша республикалық референдумға қатыса алады. Бұл туралы 2024 жылдың 4 қазанында ҚР Сыртқы істер министрлігі толығырақ айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігі алдағы жексенбіде, қазанның 6-сында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум өтетінін еске салды.

"Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары референдум учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады." ҚР СІМ

ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2024 жылғы 6 қазан, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 59 шет мемлекетте 74 референдум учаскесі құрылды.

2024 жылғы 3 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың екінші республикалық форумында сөйлеген сөзінде АЭС құрылысы жобасының ауқымдылығын атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!