Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жолдама ережелері жаңартылды

13:37, 3 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы бұйрығымен шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Академиялық оралымдылық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді, педагогтерді оқыту, тағылымдамадан өту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқыту нәтижелерін (модульдерін), оқу бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта есепке ала отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шет елге) ауыстыру.

Ережелердің бірнеше тармақтары жаңа редакцияда жазылды.

Нақтыланғандай, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шетелге оқуға жіберуді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының және шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер негізінде үйлестіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе ведомстволары мен шетелдік мемлекеттер арасында қол қойылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға ұсынылатын және резервтік тізімге қосылатын үміткерлерді іріктеуді Үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссия жүзеге асырады.

Тәуелсіз сараптамалық және Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссиялардың құрамы мен Тәуелсіз сараптамалық және Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссиялар туралы ереже ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

ТСК жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

Әкімші үміткерлерді іріктеу жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тізімді кейіннен қабылдаушы тарапқа дипломатиялық арналар арқылы беру үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға береді.

Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Әкімші үміткерлердің қалыптастырылған жеке істерін осындай сұрау салу келіп түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.

Тізім Үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның және Әкімшінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

Конкурс жеңімпазы қабылдаушы тараптан ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган дипломатиялық арналар арқылы оқуға қабылданған үміткерлердің түпкілікті тізімін алған күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде оқыту шартын жасасады, шарт міндетті түрде мыналарды қамтиды:

  • шарттың мәні;
  • тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;
  • оқу мерзімі мен шарттары;
  • конкурс жеңімпазын шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайтару және 1 жылдық мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт.
  • уақытша консулдық есепке міндетті түрде қою туралы шарт.

Көрсетілетін қызметті алушы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе портал арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызметте көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.

Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және келесі рәсімдерден тұрады:

білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызметте көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің қабылдауы – 15 минут;

көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің конкурсқа қатысу үшін шарттар мен талаптарға сәйкестігін тексеруі – 30 минут;

құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) дәйексіз болcа, білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беруі – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс сағат 15 (он бес) минут.

Бұйрық 2025 жылғы 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!