Доллар күрт көтерілді: Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады
© Фото: pixabay
ҚР Ұлттық банкі 2025 жылғы 8 сәуірде валюта нарығына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
7 сәуір қарсаңында доллар бағамы 518,31 теңгені (+12,8 теңге) құрап, сауда-саттықта көтерілді.
"Жаһандық нарықтардағы құбылмалылықтың артуы мен негізгі экспорт тауарлары бағасының теріс динамика беруінен 7 сәуір күні KASE саудасында теңгенің биржадағы бағамы 1 АҚШ долларына 519,12 теңгені құрап, алдыңғы сауда күнінен бері 2,7%-ға әлсіреді (бір апта ішіндегі әлсіреу көрсеткіші – 2,9%). Ұлттық валютаға сыртқы факторлар, соның ішінде әлем бойынша тәуекел-сентименттің нашарлауына байланысты бейрезиденттердің шетел валютасына деген сұранысы артқаны ықпал етіп отыр",- делінген ақпаратта.
Сұраныстың өсуі сауда көлемінің ұлғаюына да әсер етті. Мәселен, 7 сәуірдің қорытындысы бойынша KASE-дегі операциялар көлемі 456,4 млн АҚШ долларына жетті. Бұл – жыл басынан бергі бір күндегі орташа көлемнен шамамен екі есе артық.
"Ұлттық Банк бюджет трансферттері мен аффинаждалған алтынды сатып алуға байланысты ақша-кредит саясатының бейтараптығын сақтау мақсатында шетел валютасын сату операциялары арқылы Ұлттық валютаға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Бұл операциялар бұған дейін жарияланған көлемде жүзеге асырылып жатыр".ҚР Ұлттық Банкі
Сондай-ақ, Ұлттық банк АҚШ Президенті Әкімшілігінің бірқатар саяси шешіміне байланысты жаһандық қаржы нарықтарында құбылмалылық күшейгені байқалатындығын жазды.
"Сауда шиеленісі мен протекционистік риторика күшейе берсе, жаһандық рецессия басталуы мүмкін деген нарық қатысушыларының алаңдаушылығы да арта түсті. Нарықтар тәуекел етуге деген құлшынысты күрт сейілтіп, тәуекелді активтерді құнсыздандыру арқылы осы жағдайға реакция білдіріп жатыр. АҚШ-тағы негізгі қор индекстерінің динамикасы қазір теріс аймақта тұр. Сонымен қатар, мұнай бағасы да айтарлықтай арзандады". ҚР Ұлттық Банкі
Бұл ретте, "Қара алтынның" бағасы 2025 жылғы 7 сәуірдегі жағдай бойынша бір апта ішінде (31 наурыз бен 7 сәуір аралығында) 14,1%-ға төмендеп, барреліне $65-тен төмен түсті. Бұл – кейінгі төрт жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
"Мұнай өндірісіне қойылған шектеулерді тез арада алып тастауға қатысты ОПЕК+ ұйымының бұған дейін қабылдаған шешімі және Азия елдеріне барлық мұнай маркасының бір баррелін $2,3-ке төмендететіні туралы Сауд Арабиясының мәлімдемесі мұнай бағасына қосымша қысым түсірді. Осылайша, баға 2022 жылғы қазаннан бері айтарлықтай төмендеді",- деп мәлімдеді ведомство.
Мұнай бағасының құлдырауы мен әлемдегі белгісіздіктің күшеюіне байланысты дамушы нарықтар (ЕМ) мен шикізатқа негізделген экономикалардың валютасы әлсіреп жатыр. Осылайша, ЕМ елдерінің валюта индексі бір апта ішінде 1,8%-ға әлсіреді (2025 жылғы 31 наурыз бен 7 сәуір аралығында). Оңтүстік Африка ранды 7,3%-ға, Ресей рублі 3,8%-ға, Бразилия реалы 3,5%-ға, Индонезия рупиясы 1,5%-ға, ал Мексика песосы 1,1%-ға арзандады.
"Ұлттық Банк валюта нарығындағы жағдайды бақылауда ұстап отыр, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, айырбас бағамын тұрақсыздандыратын шамадан тыс құбылмалылыққа жол бермеу үшін қажет шараларды қабылдауға дайын",- деп қорытындылады Ұлттық Банк.
Бұған дейін ҚР елшіліктері мен СІМ Қазақстанға уақытша келген шетелдіктерге ЖСН беретіндігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:48, 28 сәуір 2025
Астанада өрт қауіпсіздігіне арналған жабдықтарды ұрлаған күдікті ұсталды
-
12:37, 28 сәуір 2025
Антикор қызметкерлері нені білуі керек: ережелер бекітілді
-
12:25, 28 сәуір 2025
Алматылықтар Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін қалай атап өтеді
-
12:18, 28 сәуір 2025
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензия беру: өзгерістер енгізілді
-
12:07, 28 сәуір 2025
«25 жыл бұрын»: Ақтау құтқарушылары өндірістегі жарылыстың алдын алды
Танымал жаңалықтар
-
17:29, 27 сәуір 2025
-
15:09, 27 сәуір 2025
-
16:06, 27 сәуір 2025
-
14:30, 27 сәуір 2025
-
13:45, 27 сәуір 2025
-
13:17, 27 сәуір 2025
-
17:42, 27 сәуір 2025
-
16:50, 27 сәуір 2025
-
14:46, 27 сәуір 2025
-
17:55, 27 сәуір 2025
-
09:03, 28 сәуір 2025
-
09:28, 28 сәуір 2025
-
09:03, 28 сәуір 2025
-
10:12, 28 сәуір 2025
-
09:16, 28 сәуір 2025