Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді: 50 келіден астам гашиш және 700 грамм мефедрон
© Фото: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күдікті азаматты ұстады.
Ер адамнан ірі көлемде есірткі және психотроптық заттар тәркіленді.
Ер адамды жеке тінту барысында ішінде ұнтақ заты бар байламдар табылды, ал оның тұрғылықты жерін тінту кезінде одан да көп мөлшердегі есірткі, орауыш материалдар, электронды таразылар, шыны колбалар және басқа да құрылғылар табылды.
Сот сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 50,2 келіні құрайтын гашиш есірткі заты, сондай-ақ жалпы салмағы 700 грамм болатын мефедронның аналогы.
"Бұл биылғы жылы тәркіленген ең ірі партияның бірі. Алматы полициясы есірткі тарату арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. Біз тарату желісін құру әрекетін қадағалап отырамыз. Әрбір дерек бойынша кідіріссіз шаралар қабылданып жатыр", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 22 сәуір 2025
Көкшетауда көпқабатты үйдің қабырғасындағы тартпа құбыры өртенді
-
22:26, 22 сәуір 2025
Денис Евсеев Италиядағы турнирдің бірінші кезеңінде жеңілді
-
22:09, 22 сәуір 2025
Оралда қараусыз қалған тұрғын үйде құрылыс арқалығы құлап, адамды басып қалды
-
21:43, 22 сәуір 2025
Алматы облысында жол талғамайтын көлік аударылып, төрт адам қаза тапты
-
21:33, 22 сәуір 2025
Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті
Танымал жаңалықтар
-
11:55, 22 сәуір 2025
-
10:09, 22 сәуір 2025
-
11:13, 22 сәуір 2025
-
09:28, 22 сәуір 2025
-
12:19, 22 сәуір 2025
-
16:44, 22 сәуір 2025
-
10:16, 22 сәуір 2025
-
11:12, 22 сәуір 2025
-
13:33, 22 сәуір 2025
-
09:16, 22 сәуір 2025
-
13:17, 22 сәуір 2025
-
17:07, 22 сәуір 2025
-
18:03, 22 сәуір 2025
-
13:47, 22 сәуір 2025
-
10:36, 22 сәуір 2025