Тұман, найзағай, нөсер жаңбыр: Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Сурет: pixabay
Синоптиктер ертең, 8 сәуірде елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, шығысында оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысының батысында, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында түнде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Павлодар облысының оңтүтігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Алматыда түнде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 18 м/с.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:26, 10 сәуір 2025
Алматыда Майлин көшесі мен Сейфуллин даңғылы бойында биыл жылу желілері жаңартылады
-
10:15, 10 сәуір 2025
Қорғаныс министрлігі Астана тұрғындарына ресми үндеу жариялады
-
10:07, 10 сәуір 2025
Ақтауда жартылай жалаңаш көше кезген ер адам тұрғындардың ашуын туғызды
-
09:54, 10 сәуір 2025
Юлия Путинцева Австралиядағы турнирде қарсыласын ойсырата жеңді
-
09:45, 10 сәуір 2025
Қазақстанның спорт министрі әлем чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады
Танымал жаңалықтар
-
12:21, 9 сәуір 2025
-
12:45, 9 сәуір 2025
-
13:13, 9 сәуір 2025
-
13:03, 9 сәуір 2025
-
11:12, 9 сәуір 2025
-
14:19, 9 сәуір 2025
-
11:42, 9 сәуір 2025
-
11:11, 9 сәуір 2025
-
13:45, 9 сәуір 2025
-
10:46, 9 сәуір 2025
-
16:55, 9 сәуір 2025
-
21:02, 9 сәуір 2025
-
21:48, 9 сәуір 2025
-
22:51, 9 сәуір 2025
-
16:43, 9 сәуір 2025