Айыппұлға 200 млн теңге таба алмаған экс-әкім түрмеге отыруды таңдады

15:46, 12 тамыз 2019

Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының бұрынғы әкімі 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz ТоболИнфо-ға сілтеме жасап.

12 тамызда Қостанайдың №2 сотында бұрынғы әкімге қатысты пара алу ісі бойынша үкім шықты. Экс-әкіммен бірге пара беруші – "Гренада" құрылыс фирмасының жетекшісі Анатолий Громченко да сотталды.

Іс материалдарына сай, жағдай былай болған: "Гренада" фирмасы Әулиекөлдегі мектепті күрделі жөндеу конкурсын жеңіп алады. Тапсырыс беруші аудандық білім бөлімі болғанына қарамастан, Қисықов Громченкоға өз көмегін ұсынады – уақытылы қаржыландыру мен атқарылған жұмыстар актісін кедергісіз қабылдаймын деген. Соның рахметі ретінде 7 миллион теңге сұрапты. 2 шілдеде ақша беру кезінде екеуі де ұсталды.

- Асхат Қисықов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, Анатолий Громченко екі жылға сотталды. Екеуінің сотталған баптары бойынша не түрме, не айыппұл төлеу көзделген, - деп түсіндірді судья Қабенов. – Қисықов үшін айыппұл пара көлемінен 30 есе сомасында болар еді, бұл 210 миллион теңге, ал Громченко үшін айыппұл 15 есе – 105 миллион теңге болар еді. Сотталушылар мұндай мол қаражатты таба алмайтындарын айтқандықтан, оларға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!