Air Astana Шанхайға ұшатын жолаушыларға үндеу жасады

10:13, 30 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

Жақында Air Astana әуекомпаниясы Шанхайға ұшатын жолаушыларға арналған маңызды мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, тасымалдаушы келушілерге электрон картадағы QR-кодты алдын-ала рәсімдеп алуды ұсынған. Сондай-ақ, оны Шанхайға барған соң да алуға болады.

"Қытай азаматтарынан басқа жолаушылардан декларацияны Қазақстанда (ұшпай жатып) толтырып тастауларыңызды сұраймыз",- деп мәлімдеді әуе компаниясы.

Белгілі болғандай, бұл рәсім жеткен соң тексерістен жылдамырақ өту үшін оңтайлы.

Бұған дейін 2026 жылы Қазақстанда қанша адам әскерге баратындығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!