«Келесі мақсат — Куба»: Трамп АҚШ-тың Ираннан кейінгі жоспарын айтты

13:55, 29 наурыз 2026

© Фото: flickr/Gage Skidmore

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен қақтығыстан кейінгі келесі мақсаты Куба болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС хабарлауынша, Ақ үй басшысы АҚШ-тың Кубаға қатысты нақты жоспарын айтпады.

"Мықты қарулы күштер құрдым. Оларды пайдалану қажет болмайды деп айттым, бірақ кейде қолдануға тура келеді. Айтпақшы, келесі мақсат – Куба", – деді ол Майамиде өткен инвестициялық форумда сөйлеген сөзінде.

Еске салайық, бұған дейін Трамп Иранмен қақтығысты "соғыс" деп атаудан бас тартқан еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!