Айгүл Иманбаеваның тойы қашан болатыны белгілі болды
Айгүл Иманбаева әріптестерін шетелде өтетін тойына шақырып, көпшілікті қызықтырып қойды. Алайда актриса қандай той және оның қашан болатынын ашып айтпады. Есесіне желіде Иманбаеваның той көйлегімен түскен суреті жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.
Одан бөлек, актриса елді көптен күттірген тойдың қашан болатынын жариялады. Иманбаева қазіргі таңда үлкен тойға қызу дайындалып жатыр екен.
“Наурыз айында болады. Күнін айтпай-ақ қояйын. Тойдың ауылы алыс емес. Ал енді қандай той екенін жақындағанда айтамын”, – деді Иманбаева 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында.
Бұл жаңалықты журналистерден естіген Мәдина Сәдуақасова әріптесіне ренжіп қалған. “Неге мен Айгүлдің тойы болатынын білмеймін? Сырттан естимін?” деп шу шығарған. Бұл орайда Айгүл Мәдинадан елдің алдында кешірім сұрады.
“Мәдина ашуланып, ренжіп қалды. Мен айтып үлгерген жоқпын. Мадикош, кешірші жаным. Мен сені тойға шақырамын, күтемін. Қандай той екенін наурызда айтамын”, – деп түсіндірді Иманбаева.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:56, 26 сәуір 2024
Ер адамның әйелді аяусыз ұрған бейнесі желіе тарап кетті
-
14:30, 26 сәуір 2024
Тағы бір есірткі зертханасы жойылды
-
14:08, 26 сәуір 2024
Қошанов: Шыңжаң аймағы бізді Қытаймен байланыстырады
-
13:48, 26 сәуір 2024
Сәл болмағанда жарылыс бола жаздады: Алматының шығыс айналма жолындағы өрт
-
13:37, 26 сәуір 2024
Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды