Аграрлық секторды сауықтырудың және «Цеснабанк» АҚ орнықтылығын көтерудің тетігі бекітілді

11:50, 20 қыркүйек 2018

Өткен аптада ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің Бірлескен мәлімдемесінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді және бүкіл аграрлық секторды қолдауды көздейтін іс-шаралар пакеті ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы жұмыстар аясында 2018 жылғы 19 қыркүйекте ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкі «Цеснабанк» АҚ-нан 450 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алу тетігін бекітті.

Таяу күндері ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін ахуалды жақсартуға, сондай-ақ несие портфелінің сапасын түбегейлі жақсарту есебінен «Цеснабанк» АҚ-ның орнықтылығын арттыруға мүмкіндік беретін тетік іске асырылатын болады.

«Цеснабанк» АҚ «ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге берілген валюталық несиелерді несиелендіру мерзімдерін ұзарта отырып, теңгелік несиеге айырбастау тетігін бекітті. Бұл агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының қарыздық жүктемесін және сыртқы факторлардың әсерінен болатын бағамдық ауытқуларға тәуелділікті азайтады.

Қолға алынып жатқан іс-шаралар аясында мемлекет елдің аграрлық секторын қолдауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді несиелендіру саласында жетекші орын алып отырған және елдің қаржылық секторы үшін жүйелі маңызға ие «Цеснабанк» АҚ орнықтылығын қамтамасыз етті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!